Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының басшысы Қазақстанның саяси реформаларын ауқымы зор деп атады. Алда өтетін референдум соның айғағы. Еске сала кетейік, Збигнев Рау елімізде ресми сапармен жүр. Қазақстандық тараптың өкілдерімен кездесулерде халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, геосаяси шиеленіс жағдайында аймақтағы сенім мен қауіпсіздікті қалпына келтіру шаралары талқыланды.
Збигнев Рау, ЕҚЫҰ Төрағасы:
– Қазақстан Президенті жариялаған реформалардың күн тәртібі оның барлық кезеңдерінде адам құқықтарын, институционалды жауапкершілікті, құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың жақсарғанын көрсетеді. Осының барлығы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының қағидаттарына сәйкес келеді. Мұның ең жарқын мысалы Конституцияға енгізілетін өзгерістер, референдумда азаматтар өз дауыстарын бере алады. Ең бастысы, бұл – функционалды үкімет. Азаматтарға шешім қабылдау жауапкершілігін беру идеясы өте маңызды.