Қазақстанның сақтандыру секторы жоғары қарқынмен өсуде

Қазақстанның сақтандыру секторы жоғары қарқынмен өсуде

Қазақстандықтар жиі сақтандырылатын болған. Жылдан жылға ел азаматтарының сақтандыру компанияларының өнімдеріне қызығушылығы артуда. Мұндай көрсеткіш негізінен сақтандыру сыйақылары көлемінің өсуі мен оларды бағалы қағаздарға инвестициялау есебінен орын алып отыр. Көбі өз мүлкін ғана емес, өмірін де қорғауға тырысады. Мұндай келісімдер 2 есе немесе 59 млрд теңгеге ұлғайды. Жалпы Қазақстанда 27 ұйым ұсынылған, оның ішіндегі 9 компания өмірді сақтандыру бойынша тіркелген. Бұл ұйымдар бір жылда 19% ұлғайып, 1,7 трлн теңгеге жетті. Осылайша олардың активтері өсіп келеді. Мамандардың айтуынша, іскерлік белсенділікті қалпына келтіру және шектеу шараларын жеңілдету сақтандыру нарығының өсуін одан әрі ынталандыратын болады.