Қазақстандық волонтерлер Арктиканы қалдықтардан аршып қайтты

Қазақстандық волонтерлер Арктиканы қалдықтардан аршып қайтты

Арктика біз ойлағаннан да жылдам еріп жатыр. Солтүстік полюске арнайы экспедициямен барып қайтқан жерлесіміз осылай дейді. Оның айтуынша, мұзды өлкені мекен ететін жануарлар да шетінен қырыла бастаған. Соңғы уақытта ақ аюлар қорек таппай, адамдардың мұхитқа ағызған қалдықтарын жеуге көшіпті.

Айта кетейік, Арктикаға экспедиция тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Ресейлік компаниялар бірлесіп солтүстік құрлықты қалдықтардан аршу үшін волонтерлерді жинайды.

Роман Гиричев, волонтер:

- Байланыс, интернет жоқ, жан-жағың тыныш. Мүлдем басқа адамдар. Осы саяхатқа бару үшін іріктеуден өттік. 260 адамның 10-ы ғана іріктелді. Оның екеуі Қазақстаннан. Экспедицияға бірнеше елден волонтерлар барды. Олардың арасында алтыншы, жетінші рет қатысып жатқандары бар. Солармен сөйлескенімде, Арктика біз ойлағаннан да жылдам еріп жатқанын айтты. Мәселен, 2019 жылы мұнда келгенімізде қалың қар жатқан. Ал қазір лай-батпақ қана қалған. Күн жылынып барады. Бұлай жалғаса берсе, экологиялық апат болуы әбден мүмкін.