Қазақстанда тұңғыш рет биологиядан халықаралық олимпиада өтеді

Қазақстанда тұңғыш рет биологиядан халықаралық олимпиада өтеді

Қазақстанда тұңғыш рет биологиядан халықаралық олимпиада өтеді. 2024-і жылы 35-і әлемдік деңгейдегі жарысты Астана қабылдайды. Бұндай шешімді халықаралық ұйымдастыру комитеті қабылдады. Бұл өз кезегінде еліміздің жаһандық білім беру кеңістігіндегі беделінің жоғары екеіні айғақтайды.  Білім додасында 80 мемлекеттің үздік жас биологтары, 14 пен 19 жас аралығындағы 330 оқушы қатысады деп күтілуде. Олардың теориялық және тәжірибелік білімі 2 турда сыналады. Тапсырмалар биология ғылымының түрлі салаларын қамтитын болады. Олардың ішінде: жасушалық пен молекулярлық биология, анатомия, адам мен жануарлар физиологиясы, генетика мен эволюция, экология және тағы басқа бағыттар бар.

Ғаждембек Тұрсынов, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:
-
Мұндай шараны өткізу – еліміздің оқу-ағарту саласына мәртебе және жетістік. Атап айтатын болсақ, Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен биологиядан халықаралық олимпиадада қазақстандық 4 оқушы қатысып, 2 күмәс, 2 қола медаль алып, 100 пайыздық көрсеткіш көрсетті.       

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биологиядан халықаралық олимпиада оқушылар үшін жаһандық деңгейде өзінің зияткерлік қабілеттері мен білімін танытуға жол ашады. Ал бұл ауқымды білім сынынан сүрінбегені ЖОО тегін білім алуға мүмкіндік беретін грант иегері атанады. Бұл орайда айта кетерлік жайт, дәстүрлі халықаралық олимпиада қазақстандық оқушылар бүгінге дейін жалпы көлемі 90 медаль иеленген. Қоржында 2-алтын, 20-күміс, 54-қола медаль бар.  Сондай-ақ отандық шәкірттер 14 арнайы грамота еншілеген.