Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы халықаралық бақылаушыларды аккредиттеді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумға халықаралық бақылаушыларды аккредиттеді. Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша ұйымдар мен шет мемлекеттер байқаушыларының тізімінде 39 адам бар. ТМД байқаушылары миссиясынан - 6, Достастықтың Парламентаралық ассамблеясынан – 17,  Түркі мемлекеттері ұйымынан 5 байқаушы аккредиттелді. Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Молдова елдерінен 11 байқаушы тіркелді. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 30 мамыр сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Еске салсақ, Қазақстан Конституциясына түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум 5 маусымға тағайындалған.

 

Автор: Данагүл Біләлова