Азия аймағындағы аптап ыстық – климат өзгеруінің салдары. World Weather Attribution зерттеушілер тобы осындай қорытынды жасап отыр. Еске салсақ, соңғы айларда Үндістан және Пәкістан елдерінде термометр бағаны Цельсий бойыншап 50 градустан төмендемей келеді. Ғалымдардың айтуынша, осындай жылу толқынлдары алдағы уақытта тұрақты құбылысқа айналады. Сондықтан бұған дайын болу керек. Экстремалды аптап әр үш жыл сайын қайталанып отырады. Сол себепті әлем мемлекеттері парник газдарын өндіруді азайтып, жаңа жағдайларға бейімделу қажет, дейді мамандар.