«Қазақстан халқына» қоры 2350 білім грантын тағайындайды. Грант иелеріне 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Бұл жөнінде қордың баспасөз қызметі хабарлады. Бастапқыда 360 грант бөлу жоспарланған болатын, бірақ өтініштер санының көп болуына байланысты олардың санын көбейту туралы шешім қабылданды. Тегін оқу мүмкіндігіне ауылдық жерлердің аз қамтылған отбасылардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім, мүмкіндігі шектеулі талапкерлер ие болмақ. Ақылы білім алып жүрген студенттерге де қор есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік беріледі. Ол үшін талапкерлер 17-ші, ал студенттер 25-ші тамызға дейін өтініш берулері тиіс. Үміткерлерге қойылатын талаптармен қордың ресми сайтында танысуға болады.