Қазақстанда шетел азаматтары үшін стипендиялық оқу бағдарламасына іріктеу жүріп жатыр

Қазақстанда шетел азаматтары үшін стипендиялық оқу бағдарламасына іріктеу жүріп жатыр

Шетелдіктер үшін еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға іріктеу жүріп жатыр. Оған Қазақстанның азаматы емес этникалық қазақтар да қатыса алады. Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл тегін білім алуға ниетті 6 мыңнан астам адам өтініш берген. Оның 79% бакалавриатқа түскен. Алайда докторантура мен магистратурада бәсекелестік мықты. Шамамен бір орынға сәйкесінше 24 және 20 үміткер дәмелі болған. Қазіргі таңда іріктеудің соңғы кезеңі - онлайн-сұхбат жүріп жатыр. Конкурстық комиссия түпкілікті шешімді тамыз айының соңында қабылдайды.


Еске салайық, бұл бағдарлама еліміздегі 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім және ғылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру бағыттарының бірі. Оның аясында жыл сайын отандық жоғары оқу орындары шетелдіктердің білім алуына мүмкіндік береді. Соңғы 4 жылда бұл мүмкіндікті 900 жуық адам қалт жібермеген. Айта кетейік, биыл стипендиялық бағдарлама аясында 550 грант қарастырылған.