Қазақстанда жалпыұлттық наурызнама онкүндігі өтуде. 14-наурыздан 23-наурызға
дейін, 10 күн бойы ел тұрғындары Наурыз мерекесін тойлайды. Оның әрбір күні
қазақ қоғамы мен мәдениетінің алуандығы мен байлығын көрсететін тақырыптар мен
құндылықтарға арналған. Айта кетейік, бұл ұлтық нақыштағы іс-шаралар легі –
жүрекжарды тілектер мен жылы кездесулердің күні Амал мерекесімен басталды. 15-наурыз
күні қайырымдылық күні аталып өтсе, 16-наурызда Шаңырақ күні тойланады. Сондай-ақ,
төл тарихпен үндесіп, өткенмен сабақтастыратын онкүндік аясында еліміздің
барлық өңірінде түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Тұсау кесу дәстүрі Қазақстанның рекордтар кітабына енді
Талдықорған қаласы мен Жетісу облысының барлық аудандарында Шаңырақ күні
аясында тұсау кесу дәстүрі өткізілді. Қатысушылар саны жағынан Қазақстандық
рекордтар кітабына енген шарада отыз алты сәбидің тұсауы кесілді. Тұсау кесу -
бұл енді ғана қадам басқан баланың жолы ақ, қадамы нық болу үшін жасалатын
дәстүр.
Ал, 17 наурызда елімізде ұлттық салт дәртүрлер мен мәдениет күні аталып
өтіледі. Кейін ұлттық киім күні, жаңару күні, ұлттық спорт, ынтымақ күні және
жыл басы Наурыз мерекесі, кейін тазару күні тойланады.
Авторы: Жеңіс
Ермұқанов

