Қазақстанның мемлекеттік қаржы саласында кешенді цифрлық
жаңғырту жалғасуда. Елдің қаржы министрлігі осы бағытты сандық жүйеге келтіру
үшін бірыңғай экожүйе құруға кірісті. Негізгі үрдістер толықтай онлайн форматқа
көшіріліп, жасанды интеллектің көмегімен басқарылатын болады. Салықтық
әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі операцияларды өңдеу уақытын 6 есе қысқартты.
Бұғатталған шоттарды қашықтан шешудің мүмкіндігі туды. Жалпы Smart Data Finance
жүйесі 74 дереккөзден алынған мәліметтерді біріктірді. Мемлекеттік қаржының
цифрлық картасы өңірлер бойынша бизнестің белсенділігін көрсетеді. Ал «Baqylauda»
жобасы мемлекеттік қолдау шараларын онлайн қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,
жол машақаты мен қағазбастылықты жоюға арналған тағы бір жоба - Keden жүйесінде
бар рәсімдер автоматтанлдырылған. Бұдан бөлек мемлекеттік мүлік саласындағы «Tapsyru»
порталы бюджетті жылына 200 млрд теңгеге дейін үнемдейді. Әрбір мемлекеттік
органның цифрлық бейіні құрылды. Онда кірістер мен шығыстар 95% дейінгі
дәлдікпен болжанады.
Әсет Тұрысов, ҚР Қаржы вице-министрі:
- Бұл жерде де осы
бигдатаның есебінен жасанды интеллекті қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс
келесі кезеңнің еншісінде. Яғни, Қаржы министрлігінің мемлекеттік функциялары,
шығыстар мен сатып алулардың тиімділігіне талдау жасалады. Өткен жылы Мемлекет
басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік кірістер комитетінің барлық ақпарат
жүйесіне тәуелсіз аудит жүргізілді. Оның
нәтижесінде мемлекеттік кірістер комитетінің 14 жүйені алмастыратын 5 жүйеден
тұратын ақпараттық архитектурасы қалыптастырылды. ІТ-аудит жаңа архитектурасы,
микросервистік озық технологиялары бар
ақпараттық жүйелерге көшу қажет деген ұсыныс берді.

