Германияда өтетін 72-ші Берлинаре кинофестивалінде қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтті. «Форум» секциясында Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» картинасы көпшілік назарына ұсынылады. «Панорама» бағдарламасында режиссер Асқар Ұзабаевтың «Бақыт» фильмі көрсетілді. Ал Фархат Шәріповтың «Схема» фильмі «Generation» айдарына таңдалды.
Айта кетейік, Берлиналеде небәрі 10 күн ішінде 69 елден 256 картина ұсынылады.
Симон, Берлин қаласының тұрғыны:
- Фильм премьераларын үлкен экрандардан қайта көруге болатыны өте жақсы. Сала пандемиядан қатты зардап шекті. Дегенмен барлық іс-шараны өз көзіңмен көру жақсы емес пе?! Режиссерлер бізге өз жұмыстарын тағы да ұсына алады. Бұл, әрине, керемет.