Қазақстанның Кентау қаласы туристер қызығушылығын тудыратын жаңа орынға айналып келеді

Қазақстанның Кентау қаласы туристер қызығушылығын тудыратын жаңа орынға айналып келеді

Қазақстанның Кентау қаласы туристер қызығушылығын тудыратын жаңа орынға айналып келеді. Мұнда тарихи нысандарға ғана емес, қасиетті орындарға да бірегей бағыттар салынады. Олардың бірі Қарнақ ауылындағы Шаммит Ишан мұражайы. Бұл ежелгі мешіттің қабырғасында Бұқар жырау, Омархан Әуезов сынды көрнекті тұлғалар білім алған. 18 ғасырға тән ғимарат - сәулет пен акустиканың жауһары. Нысанның тарихи келбетіне нұқсан келтірместен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерге Қазақстаннан ғана емес, шетелден де туристер келеді.


Владимир Привалов, өлкетанушы:


– Қазан төңкерісінен кейін ол жерде балалар үйі, мектеп, қойма да болды. Кейін ескерткішті толықтай бұзып, орнына басқа нысан салу туралы шешім қабылданды. Қарнақ ауылы тұрғындарының арқасында бұл жерді көпшілік жақсы біледі. Жергілікті аймақта болса да, Мирзаевтардың ұрпақтары тарихи мұражай ретінде ашылған мешіт-медресе ескерткішін сақтаумен айналысып келеді.


Айта керейік, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталған қазақ халқының бірлігі мен кең пейілінің символы - Тайқазан дәл осы Карнақта құйылған. Осы ауылда жасы 1500 жылдан асқан Мәжрәтұт  ағашы өсіп тұр. Аңыз бойынша, тұт ағашы араб қолбасшысы Әбу Сафу Құтейба ибн Әби Салих Мүслімнің аймақ бойынша жорығы кезінде отырғызылған. Ағаш әлі күнге дейін жеміс беріп келеді. Ал, оның діңгегін қоршау үшін кем дегенде он екі адамның күші қажет.


Мирза Мирзаев, экскурсия жетекшісі:


– Жылда бір жақтан бір бұта көгереді. Яғни, бір жылы Түркістан тарапынан көгерсе, бір жылы Қатарау тарапынан көгереді. Бұл Тұт ағаштың сондай қасиеті бар. Бұл жерде, қасынан Қарабұта деген бұлақ суы аққан.  

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл - Карнақтың бірегей мұрасы мен тарихының аз ғана бөлігі. Сондықтан туристерге осында келу қызықты болатыны сөзсіз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?