Астанада алғашқы халықаралық «Silk Way Star» музыкалық жобасы өтеді

Астанада алғашқы халықаралық «Silk Way Star» музыкалық жобасы өтеді

Астанада алғашқы азиялық «Silk Way Star» вокалдық байқауы басталады. Музыкалық шоу - Қазақстан Президенті Телерадиокешені мен Қытай медиакорпорациясының бірлескен жобасы. 12 елден – атап айтқанда, Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Армения, Грузия, Малайзия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан орындаушылар бір сахнада бас қосады деп күтілуде. Түсірілім 20 тамызда басталады, ал гранд-финал 22 қарашада «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының және байқауға қатысушы елдердің жетекші арналарының тікелей эфирінде көрсетіледі. Жоба аудиториясы бір миллиардтан астам көрерменді құрайды. Оларды бірегей дуэттер, ұлттық хиттердің орындалуы, кросс-мәдени коллаборациялар күтеді. Қазылар алқасының құрамы Қытай мен Орталық Азия елдерінен белгілі әртістер мен продюсерлерден жасақталады. Телешоу қазақ, қытай және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Жалпы байқау мәдени байланыстарды нығайтып, әлемдік музыка индустриясында жаңа есімдер ашуға бағытталған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?