Қазақстандық фильмдер халықаралық аренада мойындалуда. Режиссер Асхат Кучинчерековтың «Бауырына салу» атты картинасы Франциядағы фестивальде тағы да жоғары бағаға ие болды. Әлемдік киноиндустрияның үздік өкілдері жиналатын Cinema Heritage festival-інде фильм қазылар алқасының арнайы сыйлығын жеңіп алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, лента қазақ дәстүрлерін түсінуге септігін тигізеді және мәдени әртүрлілікті қолдауда маңызды рөл атқарады. Ал, бұл - ЮНЕСКО жұмысының басым бағыттарының бірі. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Бауырына салу» «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Жалпы фестивальде 4 қазақстандық фильм көпшілік назарына шығарылды.
Әсел Күшенғалиева