Қазақстанда IT-саласында қызмет ететін әйелдердің үлесі 5 процент. Бұл ер азаматтармен салыстырғанда өте аз көрсеткіш. Аталған мәселе елордада алғаш рет ұйымдастырылған IT-WOMAN 1.0 конференциясы аясында көтерілді. Шарада спикер болған, жетістікке жеткен отандық стартапшы қыз-келіншектердің айтуынша, бүгінгі таңда IT-сектор ең табысты сала. Бұл істе ең бастысы - табандылық, өз ісіңе деген құштарлық пен кретивтілік болса, табысқа жету қиын емес.
Салтанат Маширова, IT-маман:
– Конференцияның көздегені осы саладағы талантты әйелдердің басын біріктіру, оларға қолдау көрсете отырып, ынталандыру. Көптеген нәзік жандылар бұл саланы тек бағдарламалау процессімен жұмыс істеу деп түсінеді. Шын мәнінде мұнда тек бағдарламалау емес, жан жақты бағытты қамтиды. Мысалы, дизайн, киберқауіпсіздік, жобаны басқару немесе инфрақұрылым бар.
Нуми Мұсалиева, IT-маман:
– Іс жүзінде бұл ең қызықты салалардың бірі. Сондай-ақ, IT-ға жатпайтын кез келген сала түбінде IT-ға келеді. Мейлі автоматтандыру немесе цифрландыру болсын. Мен бұл нарықта 4 жылдан бері жүрмін. Қазақстандағы ең табысты әрі тиімді мамандық деп айта аламын. Себебі еліміз қазір жеке секторға да, мемлекеттік секторға да өте үлкен көлемде инвестиция салуда.