Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел. Өсім әсіресе, Ақмола, Абай және Жамбыл облыстарында байқалды. Салалар бойынша өсім химия, жеңіл және өңдеу өнеркәсібі, тамақ өнімдерін өндіру және мұнай өңдеу, сондай-ақ машина жасау өнеркәсібіне тиесілі. Сонымен қатар ең көп өсім өсімдік және жануарлар майлары мен тоң майларды өндіруде байқалды.
Айта
кету керек, 2021 жылы Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 4% дерлік артты. Бұған
негізінен отандық өңдеу өнеркәсібінің өсуі есебінен қол жеткізілді, тіпті, коронавирустық
пандемия жағдайында да өндіріс көлемі ұлғайған.