Өткен жылы өзара сауда көлемі 28 млрд доллардан асып жығылды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 6,5%-ке көбейді. Алдын ала мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы келтірді. Сонымен қатар қаңтар-желтоқсан айларында тауар экспорты шамамен 10 млрд долларға жеткен. Қазақстанның одақ елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде негізгі бөлігі Ресейге тиесілі. Одан кейінгі орындарда Қырғызстан, Беларусь және Армения келеді. Еліміз негізінен химиялық элементтерді жеткізеді.