Елордада теннистен турнир өз мәресіне жетті. Адриан Маннарино ATP 250 Astana Open жарысының жеңімпазы атанды. Франция елінің спортшысы финалда әлемнің 28-ракеткасы америкалық Себастьян Кордадан басым түсті. Қорытынды кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды. Әлемнің 34-ракеткасы Адриан Маннарино АҚШ-тан келген қарсыласын 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша ол әлемдік рейтингте бірден 28-орынға көтерілді. Ал жұптық сында америкалық теннисшілер жеңімпаз атанды. Натаниэль Лэммонс пен Джексон Уитроу хорватиялық Мэте Павич пен аустралиялық Джон Пирстен басым түсті. Айта кетейік, Қазақстан астанасында өткен жарысқа ел ішінің ғана емес, төткүл дүниенің назары ауды. Ұлттық теннис орталығында өткен турнирдің 8 күнінде матчтарға 16 000-нан астам көрермен қатысып, 80-нен астам елде трансляцияланды.
Адриан Маннарино,
ATP 250 Astana Open турнирінің жеңімпазы:
-Мүмкіндікті
пайдаланып, жеңіске жеттім. Маған бұл турнир өте қатты ұнайды. Өйткені мұндағы
достық атмосфера сезіледі. Мұндағы
адамдар да ойыншыларға күш-жігер беріп отырады. Осының барлығы турнир бойы
біздің бойымызда сенімділікті оятып, жеңімпаз атануға алға тартты.
Ұйымдастырушылар да барынша көмектесті. Біз тұрақтаған қонақүй де, тамақ та,
сонымен қатар ойындағы барлық жағдайлар жоғары деңгейде болды. Қазаққа тән
қонақжайлылық сезіліп тұрды. Сондықтан шетелдер ішінде Қазақстан мен үшін
бірінші орында.