Биыл ұлт ұстазы, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл. Ақынның мерейтойына арналған іс-шаралар легін Франция астанасы мен Түркияның Ыстамбұл қаласында өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның қолдауымен еліміздің барлық аймағында да шаралар өтетін болады. Оның ішіндегі ең ірісі – Түркістанда өтетін халықаралық конгресс. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының туған жері Қостанай өңірінде де инфрақұрылымдық, мәдени жобалар жүзеге асырылуда.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Ахмет Байтұрсынұлы өмір сүрген дәуір мен қазіргі тәуелсіздік заманын байланыстыратын ортақ мүдде – ұлттық болмысты сақтай отырып, өркениетті ел болу. Ұлт ұстазы қай заманда да халқымыздың рухани көсемі болып қала береді.