Қазақстанда 2026 жылға қарай 40 мың блокчейн-маманын даярлау көзделіп отыр

Қазақстанда 2026 жылға қарай 40 мың блокчейн-маманын даярлау көзделіп отыр

Бұл ең алдымен елде сандық деректерді сапалы өңдеу, мен криптоқаржы нарығын дамытуға және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Бүгінгі таңда Binance Kazakhstan үздік блокчейн-менеджерлерінен 350 астам отандық оқытушы жаңа бағыт бойынша біліктілігін арттыруда. Бұл деректерді компания өкілдері елордада өтіп жатқан  Орталық Азияда саланың ең ірі жиынында келтірді. Сарапшылар елімізде блокчейн-технологияларының даму қарқыны арта түскенін айтады. Цифрлық активтер мен криптовалюталар нарығында да ілгерілеушілік байқалады. Бұған Қазақстанның алғашқылардың бірі болып саланың кәсіби мамандарын даярлайтын оқыту бағдарламасын іске қосуы дәлел дейді, сала үздіктері.  

Жаслан Мәдиев, Binance Kazakhstan бас менеджері:

-  Қазақстан бұл бағыт бойынша ТМД ғана емес, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа кеңістігіндегі елдерді басып озды деп сеніммен айта аламын. Мәселен, криптовалюталарды лицензиялау режимін және барлық кезеңдерде банктік құрылымдарымен интеграцияны қолдайтын цифрлық активтер туралы заңды өзгелерден бұрын қабылдадаған бірден бір ел. Ол қандай жоспарда-реттеуші базаны жақсы құрды. Құжат биыл 1 сәуірде заңды күшіне енді. Ендігі мақсат бұл басымдықты жіберіп алмай крибтохабқа айналудың тиімді амалдарын қарастыру.

Андрей Афанасьевский,  BNB CHAIN өкілі:

- Қазақстанда бәсекеге төтеп бере алатын жастар көп. Олардың басым бөлігі  соңғы курстарда оқып жатқан студенттер және олармен тіпті әлемдік нарыққа еркін ене беруге болады. Хакатонның өзі осындай  жастарды қолдау үшін ұйымдастырылып отыр. Мұнда жастардың бірігіп, өз жобаларын жасап шығуына  3 күн уақыт береміз.  Кейін оларға біздің тараптан толық қолдау көрсетіледі: маркетингтен бастап пиарына дейін жәрдем жасап, ары қарай әлемдік нарыққа шығып кетуіне ықпал етеміз.