Қазақстанда ақаулары бар жолды көрсететін сандық карта пайда болады

Қазақстанда ақаулары бар жолды көрсететін сандық карта пайда болады

Қазақстанда жолдағы ақауларды көрсететін сандық карта пайда болады. Жобаны ҚазАвтоЖол таныстырды. Мысалы, енді белгілі бір учаскелердегі ЖКО жиілігі, шұңқырлардың көлемі, тіпті қыста түскен қардың мөлшері туралы ақпарат бір қорға жиналады. Бұл мамандарға туындаған мәселені талдауға және оларды уақтылы жоюға мүмкіндік береді. Сандық карта тестілік режимде 7 ай жұмыс істеді, осы аралықта құрылыс материалдарына жұмсалатын шығындарды қысқарту мүмкін екені анықталды. Әзірге деректер жиналып, жүйеге жүктелуде, келешекте бұл үрдісті жасанды интеллекттің көмегімен толық автоматтандыру жоспарланып отыр.


Сырым Хамзин, «ҚазАвтоЖол» ҰК Басқарма төрағасының орынбасары:

- Бұрын өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы комиссия құрылатын еді. Адам шұңқырлардың көлемін нақты өлшеу алмауы мүмкін. Мақсат - адам факторын алып тастау. Екіншіден ақаулардың нақты көлемін анықтау. Егер бұрын, мысалы, материалдар шығыны 1000 шаршы метрге қажет болса, қазір сандық картаның көмегімен нақты шығын 800 шаршы метрге қажет болуы мүмкін. Осылайша, шығындарды азайтып, жедел шаралар жүргіземіз және осы ақауларды жіті жою мүмкіндігі болады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?