Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан
Парламенті төменгі палатасының төрағасы Махмадтоир
Зокирзодамен кездесті. Мемлекет
басшысы қазақ-тәжік қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылғанына назар
аударып, бұл екіжақты ынтымақтастықтың мүлдем жаңа кезеңіне бастау болатынын
айтты. Махмадтоир
Зокирзода парламентаралық ықпалдастықты одан әрі нығайтуға, шарттық-құқықтық
базаны кеңейтуге күш
салуға дайын екенін растады. Сондай-ақ,
Қазақстан – Тәжікстанның сенімді досы, стратегиялық
серіктесі екеніне назар
аударды.
Қасым-Жомарт
Тоқаев Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир
Расулзодамен де кездесті. Әңгімелесу барысында Президент қол жеткізілген уағдаластықтар екі елдің
санқырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді. Тәжікстан Үкімет
басшысы мемлекет басшыларының өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға
дейін жеткізу туралы тапсырмасы орындауға болатын міндет екенін атап айтты. Тараптар келісілген
уағдаластықтарды толықтай жүзеге асыруға ынталы екенін білдірді.