Қазақстан мен Польша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және қос елдің заң
шығарушы органдары арасындағы байланысты кеңейтуге ниетті. Аталған мәселелерді Ақордада
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Сенатының Маршалы Малгожата
Кидава-Блоньскаямен талқылады. Тараптар әңгімелесу барысында Парламентаралық
диалогтың табысты түрде дамып келетінін атап өтіп, тарихи тамырластыққа айрықша
назар аударды. Мемлекет басшысы Польша Президенті және Премьер-Министріне ыстық
ықыласын жолдады. Өз кезегінде Малгожата Кидава-Блоньская қонақжайлық танытқаны
үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді.

