Алматыда әлемдік деңгейдегі биік тау курорты салынады

Алматыда әлемдік деңгейдегі биік тау курорты салынады

Алматы маңында әлемдік деңгейдегі биік тау курорты пайда болады. Инфрақұрылым құрылысы, оның ішінде көліктік кешенді нысандарын салу мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Алматы тау-кен кластерін дамыту бойынша әзірленген жоспар шеңберінде келешегі зор 3 туристік аймақ анықталды. Олар шығыс, орталық және батыс аймақ. Осылайша, әлемдік стандарттар бойынша инфрақұрылымы бар тау шаңғысы трассаларының жалпы ұзындығы 700 км-ге жетуі мүмкін. Тек орталық аймақта көтергіштер санын 3 есе көбейту жоспарланып отыр.  Бұл өткізу қабілетін күніне 6-дан 34 мың адамға дейін арттырады. 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Үкіметтегілер 2029 жылға қарай Алматы тау-кен кластері Орталық Азиядағы ең ірі барлық маусымдық туристік жоба болады деп отыр.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- «Халықаралық сарапшылардың бағалауынша тау инфрақұрылымына салынған 1 доллар шипажай инфрақұрылымына 2 доллар жеке инвестиция тартады. Сондықтан бұл еліміздің экономикасын әртараптандыру үшін үлкен мүмкіндік. Бұл жоба тек Алматы қаласы мен облысы ғана емес, бүкіл республиканың экономикасына серпін беретініне сенімдімін. Қазір жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр».

Қазір туризм саласының үлесі Алматы экономикасының құрылымында 4 пайызға жуықтады. Өткен жылы мегаполиске келген қонақтардың саны 3 есе өсті. Бұл - Қазақстан бойынша барлық туристердің жартысынан көбі. Тиісінше қала бюджетіне кірістер де екі есе артты.  Көрсеткіш 90 миллиард теңгеден асады. Саяхатшылардың келуімен қатар инвесторлардың да қызығушылығы артып келеді. Тек 4 айдың ішінде секторға 40 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?