Қазақстаннан шыққан гуманитарлық рейс Ауғанстанның Герат әуежайына қонды. Ұлттық ұланның ұшағы Герат провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге азық-түлік өнімдерін, шатырлар, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да қажетті заттарды жеткізді. Жөнелтілетін гуманитарлық көмектің жалпы көлемі шамамен 1700 тонна. Ал, қазақстандық құтқарушылар із-түзсіз жоғалғандарды іздеп, үйінділерді аршу жұмысына кірісіп кетті. Республиканың Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық құтқарушылар үшін ең қиын учаске деп белгіленген жұмыс ауданы Герат қаласынан 25-30 км қашықтықта орналасқан Наиброфи жері анықталды. Бұл жерде із-түзсіз жоғалғандар саны көп. Ауғанстан қаласының билігі тәулік бойы жұмыс істеуге ниетті отандық құтқарушыларға алғысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, апаттар медицинасы орталығының кинологтары, дәрігерлері мен фельдшерлері бар 45 адамнан тұратын тәжірибелі жасақ өздерімен бірге Ауғанстанға қажетті құрал-жабдықтарды алып келген.