Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан және Өзбекстан президенттері телефон арқылы екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақытылы қабылданғанын атап өтті. Әрі Шавкат Мирзиёевке Конституциялық референдумды сәтті өткізуіне тілектестік білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.