Жаңа Конституция – Қазақстанның одан әрі дамуын айқындайды

Жаңа Конституция – Қазақстанның одан әрі дамуын айқындайды

Конституциялық реформа елдің алдағы дамуын айқындайды. Жаңа Конституция Әділ Қазақстан идеясын толық іске асыруға ықпал ете отырып, саяси жүйені демократияландыру мен жаңарту үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңартылған Конституцияны мәслихат депутаттарымен талқылау барысында осындай пікір білдірді. Парламенттің жоғарғы палатасының спикері жаңа Негізгі заң жобасында адами капиталды дамытуға, білім беруге, ғылым мен инновацияға ерекше мән берілетінін атап өтті. Сондай-ақ, кездесуде билік жүйесін өзгертуге және Құрылтай мен Халық Кеңесі тәрізді жаңа саяси институттар құруға байланысты өзгерістер талқыланды. Қатысушылар олардың құрылуы, алдағы міндеттері мен құзыреті туралы пікір алмасты.


Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жаңа Конституция жобасы әзірленіп, республикалық референдумға шығарылды. Бұл демократияны нығайта түсетін маңызды қадам екенін анық. Жаңа Преамбулада  адамың құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды. Конституциянынң жобасы азамаматтардың ұсыныстарын есере отырып, әзерленді. Жарты жыл бойы Парламент депутаттары, маслихат төрағалары, қоғам қайреткерлері, сондайқ, сарапшылар мен әртүрлі заң салалардың мамандары Жаңа Конституция жобасын әзерлеуге ат салысты. Аталған жұмыстың нәтижесінде жаңа Ата-Заң теңгерімді әрі терең ойластырылған құжат болып, қалыптасты. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?