Қазақстанда биыл жүгеріні терең өңдеу арқылы натрий глутаматын өндіретін зауыт және бидайды терең өңдеу кешенінің құрылысын бастау жоспарланған. Сәкесінше, 350 және 650 млн долларға бағаланған қос жобаны Қытайдың екі ірі агроөнеркәсіптік компаниясы жүзеге асыруға мүдделік танытқан. Бұл жөнінде ел Президентінің экономикамызғаға инвестициялар тарту бойынша тапсырмаларын орындалу барысын қарау жөніндегі кеңесте мәлім болды. Жалпы қазір экономиканың негізгі салаларын қамтитын, ортақ құны 12 млрд теңгені құраған 20 стратегиялық жоба айқындалған. Бүгінде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада 1200-ге тарта жоба жайында деректер бар. Бұл ретте айта кетерлік жайт, былтыр ел аумағында 1,8 трлн теңгенің 230 жобасы іске қосылды. Инфестициялық штаб отандық экономикаға қаржы құйған іскер азаматтардың 100-ден астам мәселесін шешуге септескен.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция тарту басы артық бюрократиядан арылып, жедел ведомствоаралық үйлестіруді талап ететін аса маңызды жұмыс екенін айтты. Мемлекеттік органдар, әсіресе әкімдіктер жобаның іске асырылу барысын «тікелей» бақылауы керек. Әкімдер мен министрлер инвестиция тартумен күнделікті айналысып, бүгінгі күннің басты міндеті – инвесторлардың мәселелерін жедел шешуі қажет.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

