Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін жоғары лауазымды қонақтар келеді

Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін жоғары лауазымды қонақтар келеді

Саммитке қатысу үшін Қазақстан астанасына жоғары лауазымды қонақтар келуде. Іс-шараға Мемлекеттер мен Үкімет басшылары, бақылаушы және диалог бойынша әріптес елдердің көшбасшылары, сондай-ақ бірқатар ірі халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады. Қазақстанға Ресей, Моңғолия, Әзербайжан президенттері, Пәкістан премьер-министрі мен БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш ұшып келді. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қытай Халық Республикасының төрағасы да келді. Сондай-ақ елордаға ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин келді. 

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің 24-ші отырысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерінің кең ауқымы қаралады.