«Әділет» Партиясының іскерлік кеңесі құрылды. Жаңа алаң
кәсіпкерлер, сарапшылар және мемлекеттік органдар арасында тұрақты диалог
орнатып, экономиканы дамытуға бағытталған бастамалар әзірлеумен айналысады. Ал
кеңес тұрақты жұмыс істеуі үшін экономиканың әртүрлі секторынан 7 тең төраға
тағайындалды. Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай көлік-логистика
саласының өкілдерімен өткен кездесуде мәлімдеді. Тек өткен жылы ғана сала 20,5%
өсім көрсетті. Оның ЖІӨ үлесі 6% асты, ал транзиттік тасымал көлемі 39 млн тоннаны
құрады. Кездесуге қатысушылар темір жол тарифтері, инвестициялар тарту,
халықаралық автотасымалдарды дамыту және саланы цифрлық трансформациялау
мәселелерін талқылады.
Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:
- 2023 жылы Президент өз жолдауында Қазақстанды
толыққанды көлік-логистикалық державаға айналдыруды стратегиялық мақсат етіп
қойған болатын. Сол кезде Көлік министрлігі қайта құрылды және мұнда ең бастысы
- бұл міндетті түсінудің құрылымы
түбегейлі өзгерді. Транзит ол тек жолдар мен терминалдар мәселесі ғана емес. Ол
өзінің табысымен, жұмыс орындарымен, ЖІӨ-ге қосқан үлесімен экономиканың дербес
саласына айналды.

