27-29 мамыр
күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Президенті Владимир
Путин мемлекеттік сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында екі ел арасындағы стратегиялық
серіктестікті және одақтастық қатынастарды нығайту әлеуетін талқылайды. 28 мамырда Астанада Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық
экономикалық форум өтеді. Ал келесі
күні Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

