Нақтыласақ, ішкі шикізат өндірісінің айналымда жүрген 327 млрд доллары жасыл бастамаларға бағдарланады. Ал, 224 млрд доллар жаңа инвестициялық көздерден тартылмақ. Бұл мақсатта, 2030 жылға дейін тек 10 млрд доллар жұмсау көзделген. Қалған 600 млрд доллар 2060 жылдың соңына дейін инвестицияланады.
Айта кетейік, биыл «таза технологиялар саласында инновациялардың жаһандық бағдарламасы» жұмысын жалғайды. Елде оны халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы жүзеге асырады.