Премьер-министр
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады. Басқосуда басым секторлар - инвестиция,
сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларына назар аударылды. Экономистер әлем
нарығындағы қазіргі ахуал туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісті. Ұлттық экономикаға әсер
ететін үрдістерді атап өтіп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша алдағы
жұмыстарға қатысты бірқатар ұсыныс білдірді. Сонымен қатар, Үкіметтің шығыстарды
оңтайландыру және қаражатты маңызды бағыттарға қайта бөлу жөніндегі қызметі
қаралды. Талқылау
қорытындысы бойынша Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне айтылған
ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

