Қазақстанның
бюджетіне
жарты жылда еліміздің мемлекеттік шекарасындағы кедендік төлемдер мен
салықтардың есебінен 2 триллион теңге қаражат түсті.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 20%-тен астамды құрады. Бұл
туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев мәлім етті.
Оның айтуынша, бүгінде республика бойынша кеден бекеттерінде «бір терезе»
қағидаты бойынша кешенді бақылау енгізілуде. Атап айтқанда, ақпараттық жүйені
жаңарту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар
спикер бүгінде 9 мемлекетпен, Қытай, Түркия, Иран, Украина, Әзербайжан, Грузия
және Орталық Азияның кейбір елдерімен, халықаралық келісімдер жасалғанын атап
өтті. Ол тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасуды
көздейді. Және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар
жасайды. Мысалы, кедендік операцияларды, оның ішінде құжаттар санын қысқарту
арқылы жеделдетеді. Сондай-ақ кәсіподақ бөлімі өкілінің айтуынша, үшінші
елдермен мемлекеттік шекарадағы 10 автомобиль өткізу бекетінде электронды кезек
жүйесі енгізілген.
Елдос Саудабаев, ҚР
ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаментінің директоры:
Жалпы алғанда,
электрондық кезек тұжырымдамасы электрондық деректер базасын пайдалана отырып,
форматтық-логикалық бақылаулардың барынша көп санын көздейді, бүгінде 17
деректер базасы бар. тасымалдау процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу мақсатында
«1414» ақпараттық сервисі арқылы смс-хабарлама бар. Бүгінгі таңда 27 мыңнан
астам пайдаланушылар электрондық кезекті пайдаланды, 90 мыңға жуық автокөлік құралдары
жүріп өтті.
Елдос Саудабаевтың айтуынша, 2024 жылдың соңына дейін ЕАЭО мемлекеттерінің
барлық кедендерінде өткізу пункттерін жаңғырту жоспарланып отыр. Нәтижесінде
олардың өткізу қуаты 8 есеге дейін артпақ. Ал, кедендік рәсімдеу шараларына
жұмсалатын уақыт 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады.