Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 3,7% өсті. Өңдеу өнеркәсібінде оның
қарқыны 9% жетті. Машина жасауда да өндіріс көлемі ұлғаған. Қаңтар-мамыр
айларында елімізде 81 мыңнан астам автокөлік құралдары жасалды. Сондай-ақ, химия
өнеркәсібінде өсім 18% жуықтаған. Ал құрылыс материалдары өндірісіндегі
көрсеткіш бұл межеден асты. Премьер-Министр Олжас Бектенов ел экономикасының
өсімін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді. Үкімет басшысы инвестициялық
жобаларды жүзеге асыру, жаңа өндірістерді уақтылы іске қосу жөніндегі жұмысты
күшейту қажеттігін атап өтті.

