Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметі таныстырылды. Сондай-ақ, еліміздің жастар арасындағы мәдениетаралық диалогты сақтау қамындағы үздік тәжірибелері ұсынылды. Шара отандық қоғамдық келісім институтының 30 жылдығына арналды. Кездесуде ЮНЕСКО бас директорының орынбасары Лидия Артур Брито қазақстандық құрылымды жобаларға белсенді қатысуға шақырды. Тараптар екі ұйымның да миссиясы - гуманитарлық салалар арқылы бейбітшілік пен даму идеяларын ілгерілету екенін атап өтті. Қазір еліміздің «Жастар ассамблеясы» ЮНЕСКО-ның жаһандық жастар қоғамдастығына кіруге дайындалуда.
Линда Тинио-ле Дуарин, ЮНЕСКО-ның
инклюзия, құқықтар және мәдениетаралық диалог бөлімі басшысының орынбасары:
- Қазақстан халқы Ассамблеясы біз
үшін өте маңызды. Ассамблеяның жергілікті жерлердегі жұмысы нәтижелі әрі
әсерлі. ЮНЕСКО осы бағдарламаларды неғұрлым көрнекті ету, Қазақстанда, әсіресе
жастар бастамалары бөлігінде үздік тәжірибелерді көрсету үшін делдал ретінде
әрекет етеді. Біз басқа мемлекеттер мен серіктестерге жақсы үлгі көрсету үшін
тығыз жұмыс істеуге ниеттіміз.
Марат Әзілханов, Қазақстан
халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
- Көп жерде бүгінгі айтылған әңгіме
ЮНЕСКО мен Ассамблеяның миссиялары өте ұқсас, жақын. Ең маңыздысы
мәдениетаралық диалог, адами қарым-қатынасты, дискриминацияға қарсы іс шаралар
жөнінде басшылықпен, сарапшылармен, келген қонақтармен де әңгіме болды.

