Қазақстандықтар шетел валютасында несие алуды азайтқан. Үстіміздегі жылдың алғашқы бес айындағы көрсеткіштер осыны айғақтайды. Жалпы, аталған кезеңде экономикадағы банктік кредиттердің көлемі 19,5 трлн теңгені құраса, соның 8,3 проценті немесе 1 трлн 600 млрд теңге сомасы шетел валютасында берілген. Бұл былтырғымен салыстырғанда шамамен 20 процентке аз, деп хабарлайды Рэнкинг порталы.
Сондай-ақ, Қазақстанда жеке тұлғалардың шетел валютасында алған несиелері екі еседен астамға азайып, 14 млрд 600 млн теңгені құраған. Қазақстан өңірлерінің ішінде сырт ел ақшасымен рәсімделген кредитттердің 73 проценті Алматыға тиесілі. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы және Шымкент қалалары келеді. Осылайша, елімізде шетел валютасындағы займдар портфелі тарихи минимумға жетіп, осыдан жиырма жыл бұрынғы көлемнен де төмен екені байқалып отыр.