Қазақстанда инфляция соңғы бес ай қатарынан төмендеп келеді

Өткен екі айда оның өсу қарқыны 2% жуық баяулағаны байқалады. Елдің Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, биыл шілдеде инфляция деңгейі 14% тұрақтады. Нарықта құмшекер, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, қызылша, сәбіз бен картоп біршама арзандаған. Көктемнен бері азық түлік және азық түлікке жатпайтын тауарлар және ақылы қызметтер құнының өсімі сәлде болса бәсеңдей түскенімен баға өсімі толық тежелер емес.  Сала мамандарының есебінше, өткен айда тұтыну өнімдері мен қызметтердің бағасының өсуі жылдық мәнде шамамен 13 пен 15% аралығында қалыптасты. Бұл ретте өңірлер арасында жылдық мәнде ең жоғары инфляция – Елорда, Ұлытау мен СҚО, ал ең төменгі деңгейі - Алматы қаласында тіркелді.

Тұтыну тауарлары мен қызметтерге бағаның өсуі

Тауарлар мен қызметтер 14%

Азық түлік тауарлары -13,5%

Азық-түлік емес тауарлар - 15%

Ақылы қызметтер - 13,6%