Кітапханаларды дамыту: цифрландыру және жаңа тәсілдер

Кітапханаларды дамыту: цифрландыру және жаңа тәсілдер

Қазақстанда электрондық кітаптар мен сандық мұрағаттарға қызығушылық артып келеді. Жазба мұраны сақтау және таратуда «Қазақ ұлттық электрондық кітапханасы» маңызды рөл атқарады. Порталда кітаптар, сирек кездесетін және мұрағаттық құжаттар, қолжазбалар, мерзімді басылымдар, диссертациялар, карталар, сондай-ақ дыбыс және бейне реусрстар жинақталған. Жыл басынан бері платформадағы материалдарды қарау саны 3,млн асты, ал электрондық көшірмелерді жүктеу саны 900 мыңға жақындады. Кітапхана қоры үнемі толықтырылып келеді. Бірінші жартыжылдықта порталға 2,5 мың көшірме жүктелді, 400-ден астам құжат өңделіп, 120 мыңнан астам парақ цифрландырылды. Сондай-ақ, дәстүрлі кітапханалар да жаңартылуда. Мамыр айында Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Кітапханалар заманауи қоғамдық кеңістікке айналмақ. Онда кітап қорлары, цифрлық технологиялар және оқырмандармен жұмыс істеудің жаңа форматтары үйлесім табады.


Күміс Сейітова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:


- Біздің кітапханалар ақпараттық білім беру орталықтары, сонымен қатар қызықты уақыт өткізу орынына айналуы керек, өйткені онсыз оқырманды баурап алу мүмкін емес, балалар түнгі клубтарға емес, кітапханаларға қуана-қуана келуі тиіс.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?