Қазақстанда 2024 жылы құны 4,6 трлн теңгенің автокөлігі құрастырылды

Қазақстанда 2024 жылы құны 4,6 трлн теңгенің автокөлігі құрастырылды

Қазақстанда былтыр жалпы құны 4,6 трлн теңгенің автокөлігі құрастырылды. Өндіріс көлемі 10% өскен. Биылдың алғашқы тоқсанында ғана көрсеткіш 17% асты. Жалпы соңғы бес жылда өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау саласының үлесі 13-тен 19%-ке дейін артқан. Қазақстан машина жасаушыларының XII форумында Премьер-министр саланың осындай тың жетістіктерімен бөлісіп, Президенттің құттықтау сөзін оқыды. Онда Мемлекет басшысы машина жасау саласы экономикамызды өркендетуге тың серпін беру үшін өз әлеуетін толық іске асыра алады деген сенімін білдірген.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Машина жасау ісін одан әрі өркендете түсу үшін жергілікті өндірістің үлесін арттыру және озық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні жаппай енгізу қажет. Сонымен қатар жұмысшыларға жайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, білікті мамандар даярлауға және олардың біліктілігін көтеруге жете көңіл бөлу маңызды. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында болашағы зор салалар мен бағыттарды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы машина жасау және металл өңдеу бойынша VI Халықаралық арнайы көрмеде индустрия көшбасшыларының жетістіктерімен танысты. Онда отандық және шетелдік 20-дан астам елдің компаниялары өз әзірлемелерін ұсынды. Халықаралық қатысушылардың қатарында Германия, Оңтүстік Корея, Қытай, Швейцария, Ресей, Италия, Чехия және басқа да елдердің ірі кәсіпорындары бар.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?