Қазақстандық ұнның экспортық аясы кеңейіп келеді

Қазақстандық ұнның экспортық аясы кеңейіп келеді

Қазақстандық ұнның экспорттық көкжиегі кеңейіп келеді. Алғашқы партиясы америкалық нарыққа жетті. Бұл өнім Eurasian Legacy - «Еуразиялық мұра» брендімен Amazon және Walmart ірі онлайн-платформаларында сатылымға шықты. Жеткізілімдер қазақстандық тауарларды АҚШ-қа ілгерілетудің жаңа стратегиясы аясында іске асырылып жатқанын айта кету керек.

Рамазан Сламханов, QazTrade компаниясының АҚШ-тағы ресми өкілі:


- Біз алғаш рет ұнды Нью-Йоркке экспорттадық. Онда 50 тонна жеткізілді. Тасымалдау Орта дәліз бойынша екі айға жуық уақыт алды. Ақтау қаласынан Баку және Грузияның Поти порты, Стамбул арқылы одан әрі Нью-Йоркке жөнелтілді. Болашақта біз айына 100 тоннаға дейін ұн экспорттауды жоспарлап отырмыз. Америкалық ритейлерлер мен тұтынушылар біздің өнімдерге үлкен қызығушылық танытуда.


Қазақстандық өнімді қытайлық дүкендерден де  көруге болады. Астық өзімізде алғашқы өңдеуден өтеді. Солтүстік Қазақстан облысында логистикалық-қайта өңдеу агропаркі құрылды. Жобаны қытайлық астық және май өнеркәсібі тобы жүзеге асырды. Одан кейiн ұн терең өңдеу үшiн Аспан асты елiне жiберіледi. Айта кетейік, тек 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан Қытайға 100 мың тоннаға жуық азықтық бидай ұны, 10 мың тоннаға жуық жоғары сапалы ұн мен бидай, 10 мың тоннадан астам өсімдік майы жөнелтілді.


Лю Чжипин, «Айцзюй» астық және май өнеркәсібі тобы бас директорының орынбасары:

- Негізінен, Қазақстаннан біз күнбағыс, рапс және зығыр майын жасау үшін шикізат импорттаймыз. Көбіне Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарынан тасымалдаймыз. Жыл сайын 2-3 млн тонна өнім өндіреміз. Дәнді дақылдарға келетін болсақ, күріш, бидай сатып аламыз. Олардан ұн үгеміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?