Қазақстанда баспана бағасы қымбаттады. Бұған еліміздің статистика бюросының мәліметтері дәлел. Мәселен, жаңа тұрғын үй кешендерінде бір ай ішінде өсім 1%-тен асты. Осылайша жаңа үйлердің құны шаршы метріне 423 705 теңге шамасында. Статистикаға әсіресе, Өскемен, Семей, елорда, Шымкент және Алматы қалаларындағы бағаның өсуі әсер етті. Сонымен қатар «екінші деңгейлі үйлер» наурыз айымен салыстырғанда 0,4%-ке ғана қымбаттады. Мұнда Өскемен, Қызылорда және Қостанай көш бастап тұр. Бір жылда, 2021 жылғы маусым мен 2022 жылғы маусым аралығында, қолданыстағы пәтерлердің бағасы 26,8%-ке, жаңа тұрғын үйлерде 19,5%-ке өсті.