Қазақстанда 1 трлн теңге соманың несиесі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында беріліп, 3 500-дей жоба қолдау тапқан. Нәтижесінде 70 мың жұмыс орны құрылып, 3,5 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді. Қаржылай қолдау көрсетілген жобалардың арасында қайта өңдеу, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет, білім беру салалары басым.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын 2022 жылдың соңына дейін ұзартуды тапсырған еді. Осы ретте Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер мен Аграрлық несие корпорациясының облигацияларын сатып алмақ.
Ахметали Ержан, ҚР Ұлттық банкі департаменті директорының орынбасары:
- Ұлттық банк тарапынан бөлінген қаражат 2022 жылы импортты алмастыруға және жаңа өндірістерді құруға бағдарланған кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріліп отыр.