Вашингтон қазақ сазының ырғақтарымен тербелді. Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында талғампаз шетелдік көрерменді ұлттық музыканың тарландары «Тұран» тобы тәнті етті. Бұл қазақстандық этно шығармашылық ұжымның биыл АҚШ берген екінші концерті. Батыс жұрты төл мәдениетіміздің бірегейлігін танытатын туындыларға қанықты. Американың тарихи орындарының тізіміне енген Лиснер аудиториумының сахнасында отандық опера шеберлері - Әйгерім Алтынбек пен Расул Жармағамбетов және виртуоз пианист - Дина Мирманова да өнер көрсетті.
Наурыз Лестер
Челмэн, көрермен:
- Мен бұрын да
қазақ мәдени кештеріне қатысып жүрмін. Әрдайым келуге тырысамын. Бүгінгі шара
керемет болды.
Дэлонь Джудано, көрермен:
- Мен бірінші рет қазақтың мәдени мұрасымен
таныстым. Өнер иелерінің шығармашылық шеберлігі жан дүниемді баурап алды.
Керемет әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.