Дарынымен әлемді таңқалдырған қазақстандық. Отандық композитор Сергей Ким Австрияның өнер және ғылым саласындағы беделді сыйлығының иегері атанды. Жерлесіміз байқауға қатысу үшін өзінің 40 минуттық авторлық пьесасын ұсынған. Айта кетейік, Теодор Кёрнер атындағы премия талантты әрі жас өнер иелеріне 1954 жылдан бері жыл сайын беріліп келеді. Теодор Кёрнер Австрияны басқарған жылдары өнер мен ғылымдағы азаматтарды қолдау мақсатында өз атынан премияны ойлап тапқан. Міне, содан бері жарты ғасырға жуық беделді сый тек мемлекеттің қазіргі президентінің қолынан табысталып келеді.
Сергей Ким, композитор:
– Біріншіден, бұл сыйлық 35 жасқа дейінгі жас музыканттарға арналған. Бір жыл бұрын ұйымдастырушылар анонс жасайды. Басты талаптардың бірі – композитор өзінің дайын шығармасын емес, жазылып жатқан шығармасын ұсынуы тиіс. Ал оны аяқтайтын уақыты дәл сыйлық берілетін кез. Бұл бірінші талап, екіншісі жазылған пьеса Австрия елінің шығармашылығынан, өнері мен мәдениетінен сыр шертуі керек.
Айта кетейік, аталған байқау жеңімпаздары әдетте жыл соңында белгілі болады. Бірақ коронавирус індетінің өршуінен сыйлықты табыстау рәсімі биылға қалдырылған.