Қазақстан диқандары биыл жүгері мен қант қызылшасынан мол өнім жинамақ. Мұндай болжамды Қазгидромет жариялады. 2023 жылға арналған алдын ала есептеулер бойынша Жетісу, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жүгеріден мол өнім жиналуы мүмкін. Сондай-ақ еліміздің екі облысында қант қызылшасының түсімі жоғары болады деп жоспарлануда. Ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында бидай мен күнбағыстың дақылдары көптеп орылады деп күтілуде.