2029 жылы қазақстандық
колледждерде 160 мың студент дуалды оқытумен қамтылады. Бұл қазіргі
көрсеткіштен екі есе көп. Жалпы соңғы екі жылда осы жүйенің шарапатын 40 мыңнан
астам түлек татып үлгерген. Олар бір жарым жылға дейін жұмыс өтілімен еңбек
нарығына шығуға мүмкіндік алды. Жалпы 2025 жылға дейін ел жастарын сұранысқа ие
мамандықтармен 100% қамту көзделген. Бұл ретте, мемлекеттік тапсырыстың дені
техникалық кәсіптерге бағытталмақ. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрі Ғани
Бейсембаев мәлімдеді.
Ғани Бейсембаев,
ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Сонымен
қатар жұмысқа орналастыру
міндеттемесімен кәсіпорындардың тапсырысы бойынша кадрларды даярлау жүзеге аса
бастады. Қазір осы бағыт бойынша 20 мың студент білім алуда. 2029 жылы
көрсеткішті 80 мыңға жеткізу жоспарланған.