«Астана Балет» театры Женеваның мәдени орталығында қазақстандық ұлттық нақыштағы және заманауи хореографиялық өнерінің үздік туындыларын паш етеді. Елордалық өнер ұжымы Швейцарияның тәуелсіздік күніне орай әлем астанасы деп танылған шаһарда өнер көрсетеді. Қазақстандық балет шеберлері гастрольдік сапар аясында жергілікті өнер сүйер қауымның назарына бірнеше қойылым ұсынады. Бағдарламада әлемдік балет жауһары «Кармен-сюита» балеті, «Тағдыр бұлтарыстары» авторлық спектаклі мен «Ұлы Дала мұрасы» гала-концерті бар. Ерекше туындыларды ауқымды декорация мен әсерлі би толықтыра түсепек.
Нұрлан Қанетов, «Астана
Балет» театрының көркемдік жетекшісі:
- Альберто Алонсоның «Кармен-сюита» қойылымын таңдадық. Сонымен қатар, отандық
хореографтардың туындысын көрсетуді мақсат тұттық. Меніңше, кез-келген гастрольдік
сапар тәжірибе алмасу, мәдени дәстүрді паш етудің бірден-бір жолы. Осы тұрғыдан
алғанда Женева біз үшін жаңа қала. Әрине, толқып тұрмыз, даңқты мәдениет
орталығында өнер көрсету – зор жауапкершілік. Біз көрсететін спектакльдер, сөз
жоқ, озық қойылымдар. Женева көрермені де туындыларды зор ілтипатпен қабыл
аларына үміттіміз.
Айта кетейік, «Астана Балет» театры әлемнің әйгілі сахналарында өнер көрсетіп жүр. Бүгінде отандық сахна саңлақтары Қытай, Франция, Австрия, Корея, Мажарстан, Әзірбайжан, АҚШ, Польша, Италия және жапондық көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген.