Қазақстандық теңіз порттары арқылы жүк тасымалдау көлемі екі есеге артты

Қазақстандық теңіз порттары арқылы жүк тасымалдау көлемі екі есеге артты

Қазақстандық теңіз порттары арқылы жүк тасымалдау көлемі екі есеге артты. Мәселен, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Ақтау айлағымен арқылы бір миллион 200 мың тоннадан астам жүк тасымалданған. Республика шет мемлекеттерге астық, көмір, мұнай өнімдерін, тыңайтқыштар, химиялық және басқа да заттарды экспорттайды. Порт жыл бойы барлық түрдегі кемелерді қабылдайды. Мұндағы ашық қоймаларда 2 жарым мың контейнер сақтауға болады.

Абай Түрікпенбаев, Ақтау Халықаралық теңіз сауда портының президенті:

– Біз Транскаспий халықаралық көлік бағыты қауымдастығын құрдық. Оған осы процеске қатысушылардың барлығы кіреді. Әрине, осы бағыттың тар тұстарын кеңейтеміз. Біз цифрландыру, кедендік рәсімдерді жеңілдету, жеделдетілген процестер арқылы өткізу қабілетін 20 процентке дейін арттыра аламыз.

Ал Құрық портымен елімізге көлік, азық-түлік, өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары импортталады. Транзитпен электроника, тоқыма, металл бұйымдары әкелінеді. Мұндағы инфрақұрылым автомобиль және теміржол айлақтарынан тұрады. Соңғысының қуаттылығы жылына 4 миллион тоннаға жетеді. Екі айлақ бір мезетте төрт паромға қызмет көрсете алады. Жүктер «бір терезе» қағидаты бойынша өңделеді.

Серік Ахметов, Құрық портының Бас директоры:

– Өткен айда тасымал көлемін үш есеге арттырдық. Бұл автокөлік пен вагон саны үш есе көп деген сөз, нәтижесінде үш есе көп жүк өңделді. Түркияның бүкіл логистикасы автокөліктерге негізделген. Сондықтан біз де еурофураларға арнап дәліз құруға назар аудардық.

Көптеген халықаралық дәліздердің тағы бір құрамдас бөлігі Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау солтүстік терминалынан жүктер негізінен жағдайда Иран, Ресей және Әзербайжан бағыттарына жөнелтіледі.