Мұндай мол түсімге диқандардың егіс жұмыстарын уақытылы аяқтауы мен синоптиктердің болжаған ауа райының қолайлылығының арқасында қол жеткізуге болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бүгінгі таңда еліміздің барлық дерлік өңірінде көктемгі егіс жұмыстары аяқталған. Тек Ұлытау өңірінде ғана дала жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі бұл аймақта егін егу жауын-шашын мөлшерінің мол түсуіне байланысты кешіктірілген, алайда аптаның соңына барлық жұмыстар аяқталады. Жалпы, биылғы жылы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Жеке дақылдарға тоқтала кетсем. Масақты дақылдар 15,6 млн. га алаңға егілді, егіс толығымен аяқталды. Майлы дақылдар алаңы бойынша бойынша жоспар 3,3 млн. гектарды құрады, жұмыстар 3,3 млн.гектардан аз алаңда немесе жоспардың 97,4%-ы аяқталды. Өткен жылмен салыстырғанда майлы дақылдар алқабы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 50 мың гектарға, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша 17,4 мың гектарға және Абай облысы бойынша 12,4 мың гектарға ұлғайтылды.
ҚР ТЖМ: ЖАҒАЖАЙЛАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Тағы бір өзекті мәселе суға түсу маусымының ашылуына байланысты туындап отыр. Бүгін Үкімет су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне кеңінен тоқталды. Отырыста сөз алған Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильиннің айтуынша, бүгінде еліміздің жекелеген аймақтары заманауи инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде. Мысалы, Алматыдағы жағажайларда патрульдеу үшін дрондар қолданылады. Ал Ақтөбе облысында патрульдеу бағыттарын қалыптастырып, қадағалайтын бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілді.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, рұқсат етілген және шомылуға тыйым салынған орындарды карталарға енгізе отырып, интерактивті картаны өзектендіру мәселесі пысықтауда. Жалпы су объектілерінде азаматтардың қауіпсіздігі үшін жергілікті атқарушы органдар жаппай демалу орындарының су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына 100% сәйкестігін, шомылуға болмайтын барлық орындарында тыйым салу белгілерін орнатуды қамтамасыз етуі керек.
Юрий Ильин осы мақсатта тек рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу керектігін ескертті. Бүгінгі таңда еліміз бойынша шомылуға рұқсат етілген 487 орын бар. Оның 307-сі құтқару бекеттері және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.